«Есірткі» – тек естіген адам шошырлық жағымсыз, «анти» ұғым ғана емес, «есірткі» – ол адам өміріне шабылған «балта» – дер едім. Қазіргі қоғам арасында қаралып отырған ең күрделі мәселе, кең өрісті қасірет, қоғамдық індет бұл – есірткі және оған қарсы күрес!

Нашақорлық – адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін зиянды әдет. Мұны әр адам ұғынуы керек. Әсіресе, өзін «Азат елдің, жарқын болашағымын!» – деп білетін әрбір жас буын түсінуі керек! Ата-бабамыз қасық қанымен, маңдай терімен алып берген «Азат»  елде, неге «зиянды індетке» тәуелді ұрпақ өмір сүруі керек?

Біз жастар – есірткіге түбегейлі қарсымыз! Нашақорлықққа жол бермей, қарсы тұру мақсатында біздің қосар үлесіміз, өз өмірімізге жауапкершілікпен қарап, бос уақытымызды дұрыс әрі тиімді пайдалана білу болмақ. Яғни мектептен тыс уақытты өз-өзімізді дамытуға, спортпен шұғылдануға, білімімізді тереңдетуге, біліктілікті арттыруға, таза ауада серуендеуге, қызықты кітаптар оқуға, жан ұямызбен, жақындарымызбен бірге өткізуге жұмсасақ нұр үстіне нұр болар еді, достар!

Жанайым Музарап,
№10 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің
8 «Г» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!