Есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар аясында «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында көрме әзірлеу байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсінік қалыптастыру және шығармашылық арқылы қоғам назарын өзекті мәселеге аудару.
Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен тақырыптық көрме әзірлеп, оны таныстырып, қысқа бейнеролик пен фотоматериалдар түсірді, сондай-ақ түсірілген видео мен фотоларды Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі оқу орындарының ресми парақшаларында жариялады.
Ұсынылған жұмыстарды білім бөлімдері іріктеуден өткізіп, үздік деп танылған 33 жұмысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жолдап, облыстық кезеңге қатысуға мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша: І орынға – Қармақшы ауданы №183 орта мектебі, Қызылорда қаласы №176 орта мектебі және Қызылорда қаласы №12 орта мектебі ие болды. ІІ орынды – Қармақшы ауданы №30 орта мектебі мен Шиелі ауданы №152 орта мектебі жеңіп алды. ІІІ орын – Арал ауданы №292 орта мектебіне, Қазалы ауданы №226 мектеп-гимназиясына, Шиелі ауданы №48 мектеп-лицейіне, Қазалы ауданы №266 мектеп-лицейіне және Жаңақорған ауданы №289 орта мектебіне берілді.
Аталған байқау жас ұрпақтың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруға, олардың белсенділігін арттыруға және қоғамда салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталды.


Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!