Бүгінгі қоғамдағы ең қауіпті мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік. Әсіресе жастар мен жасөспірімдер бұл қатердің алдында әлсіз келеді. Қызығушылық, еліктеу немесе «дос болу үшін» жасалған бір ғана қадам адам өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Есірткі денсаулықты ғана емес, арман-мақсатты, білім мен болашақты да жояды.

Жасөспірім кезең – тұлға қалыптасатын, дұрыс таңдау жасау аса маңызды уақыт. Осы шақта спортпен шұғылдану, өнерге, ғылымға бет бұру, пайдалы істермен айналысу – есірткіге қарсы ең мықты қорған. Әр жас өз өмірі үшін жауапты екенін түсінуі тиіс.

Есірткісіз өмір – еркін өмір. Ол сенің күш-қуатыңды арттырып, қабілетіңді ашуға мүмкіндік береді. Болашағыңды күмәнді затқа айырбастама! Саналы таңдау жасап, өзіңді және айналаңды қорға. Есірткіге «жоқ» деу – өз өміріңе «иә» деу.

Ақұлман Серікова, 
№292 орта мектебінің 7 а сынып оқушысы,
Арал қаласы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!