Фото:gov.kz
Белгісіз бір уақытта, белгісіз бір ауылда бір шаруа өмір сүріпті. Шаруаның ержеткен екі ұлы болыпты. Үлкені Ерік, кішісі Жігер еді. Шаруа өте еңбекқор адал жан екен. Азаннан кешке дейін тынбай еңбек етіпті. Қанша еңбектенседе жұрт қатарлы ғана өмір сүріпті. Еңбекқор шаруа балалрында еңбек етуге баулып өсіріпті. Алайда үлкен ұлы бұл өміріне разы емес еді. Ол бай болып қымбат киім киіп, қымбат көлік мініп, ел аралап келуді арман етті. Ал екінші ұлы сабырлы, барға қанағат тұтатын, байлық тек адал еңбекпен келеді деген ұстаныммен өмір сүріпті. Шаруа қартайып ұлдарын шақырып алып: «балаларым, ер жеттіңдер ақыл парасаттарыңмен күш жігерлерің тасып тұрған кезде еңбек етіп, кәсіптің көзін іздеңдер» – деп балаларын қанатының астынан шығарып, үлкен өмірге аттандырады. Қария балаларын шығарып салып тұрып: «Балаларым, естеріңде болсын байлық жеңіл жолмен келмейді. Оның түбі құрдымға немесе қылмысқа апарады» деп қош айтысады. Әке шешесімен қош айтысып екі жігіт жол тартады. Көп жүрді ма аз жүрді ма белгісіз, екі жігіт екі айыр жолға кезігеді. Бір жолға «Жеңіл жолмен ақша тап» деген жазу, екіншісіне «Адал еңбектің наны тәтті» деген жазу жазылған екен. Шаруаның үлкен ұлы бірінші жолды таңдайды. Себебі ол әкесінің бел бүкпей қанша еңбек етседе байлыққа жете алмағанын жақсы білетін. Екі айрық жолға ұзақ қарап тұрған Ерік: «Бауырым мына жолмен барайық»- «Жеңіл жолмен ақша тап» деген жазуы бар жолды нұсқап. – «Білесің әкеміз бел бүкпей қанша еңбетенседе байлыққа жетпеді. Жарытып тамақта ішпеді, киімде кимеді.» – деді мұңайып – «Жеңіл жолмен ақша тауып ата – анамызға бар жағдайды жасап берсек. Адал еңбекпен тапсақ та жеңіл жолмен тапсақта бәрібір емеспе?»
Жігер ұзақ ойланды. Ағасының сөзін таразыға салады. Дегенмен өз шешімін қабылдайды.
«Жоқ» – деді басын шайқап- « әкемнің сөзі есіңдеме? «Байлық жеңіл жолмен келмейді. Оның түбі құрдымға немесе қылмысқа апарады» деген. Бұл жолға бармаймын. Сенде барма»
Бауырлар ұзақ таласты, ақыр соңында екеуі екі жолға түсті.
Ерік өз шешімін дұрыс деп есептеді, жол бойы ойланды. Әкесінің де сөзі ойынан кетер емес. Байлыққа жетсе барлық армандары орындалады деп ойлады. Өз ойымен өзі арпалысып келе жатқанда жанына бір қымбат қара көлік келіп тоқтады. Көлік ішінен Қара костюм шалбар киген, басында қара шляпасы бар, бойы ұзын, ірі денелі, сопақ жүзді, көзі қысық, жанары оттай, орта жастағы ер адам шықты. Жігіттің жанына келіп, жұмсақ дауыспен:
-« Жеңіл ақша тапқың келді ме? Онда қош келдің бауырым! Өкінбессің деп үміттенем!» деп жымиды. – Кел мәшинеге отыр, жұмыс бар» деді де көлікке жылдам отырды. Еріктің жүрегі дүрсіл қақты ойы сан саққа жүгірді. Тек байып шалқып өмір сүремін деген ой ғана қара машинаның ішіне жетеледі. Қара машинамен қара түнекке бататынын Ерік сезбеді де. Мәшиненің дөңгелегіндей Еріктің өмірі шыр көбелек айналып кете барды. Қара мәшине сырғи отырып «Зұлымдық» атты қалаға келеді. Бұл қала қоңырқай тартқан тіршілігі қайнаған, бірі еңбек етіп жатса, енді бірі бұрышта ұйықтап жатыр. Жүздері солғын, түнерген, бір жаққа асығып бара жатқандай, бір біріне қарайласар емес. Белдеріне тапанша байлаған енгезердей жігіттер , жая жүргіншілерге соқтығысып, былапыт сөздерді айтып жатыр. Осы көрініске қарап тұрып атына заты сай қала екенін ол ұғынды. Бұл Еріктің зырғыған мәшиненің терезесінен көрген көрінісі еді. Қара машина әдемі зәулім үйдің алдына келіп тоқтады. Дәл осы тұстан бастап оның байлыққа барар «жаңа өмірі» басталды.
Басында бәрі қалыпты болып көрінді Ерікке. Жұмысы да қиын емес, белгіленген орынға белгісіз затты апарып берсе болғаны. Ақшасыда қомақты. Қала өміріне де тез биімделді. Жеңіл ақша табудың дәмін татып, шалқып өмір сүре бастады. Ата – анасында бауырын да ұмытты…
Екінші жолды таңдаған Жігер жол бойына жеңіл жолды таңдаған ағасының әрекетіне күйінді, дегенмен бауыры ғой бақыт тіледі. Жігер ұзақ жолдың азабын тартып, «Бақыт» деген қалаға келді. Қала іші қызу тірлік, бос отырған ешбір жан байқалмайды. Қала тұрғындары жүздері бал бұл жанған, бір біріне жан ашыр, ілтипатты, сыпайы жандар екен. Қала тірлігіне сіңісіп, араласып кету – еңбекқор, сабырлы Жігер үшін қиындық тудырмады. Еңбек етіп, адал еңбегінің қомақты ақысын алды. Алған ақысын жартысын ата – анасына жолдап, жартысын білім алу мен өнерді игеруге жұмсады.
Жыл артынан жылдар зырғып өтіп жатты. Шаруа балаларының елге қайтатын уақыты да жетті. Еріктің жағдайы белгілі еді, оралмасы анық. Ал, Жігер еліне оралды. Адал еңбектің жемісін жеп, маңдай терімен тапқан бар байлығын ата – анасының аяғының астына тастады. Бейнеттің де зейнетін көрер шақта келді, шаруа еңбегінің еш кетпегеніне қуанып көзіне жас алды. Баласына дән риза, адал нанын жегізді. Алайда жүректің түпкірінде екінші перзентіне деген сағыныштары ұлғая түсті. Ата – анасының бар жағдайын жасасада жүздерінен мұңды байқады. Ол перзентіне деген сағыныштың мұңы екенін Жігер айтқызбай ақ түсінді. Бауырын іздеп табуға бел буды. Бұл ойын ата анасына айтты. Оның бұл шешімі қарт әкесі мен анасына қуаныш пен қатар үрей сыйлады:.
-Балам , ағаң жеңіл ақша табу жолына түсіпті, ол жаққа барған адам қайтпаушы деп еді. Ағаң сол Зұлымдықтың құрбаны болды, енді сені құрбан ете алмаймын – деді шаруа көзі жасаурап.
-Әке, батаңызды беріңіз! Ағамды тажалдың шырмауынан құтқару керекпін. Оны тажалдың жемтігі ете алмаймын! – деп айтқанынан қайтпай қойды.
Баласының айтқанынан қайтпайтынын ұғынған қария ақ батасын берді. Жігер бес қаруын сайлап, жолға дайындала бастады. «Зұлымдық» мекені жайлы ақпарат жинап, осал тұсын зерттеді. Зұлымдық мекенін билеп тұрған «Есіртткі» атты тажалдың ажалсыз екенін, оны жалғыз өзінің күші жетпейтінін білді. Тек бірлік қана оны жеңе алатынын ұғынды. Осылайша ол жан жаққа Есірткі атты зұлымға қарсы үндеу тастады. Ол тастаған үндеу көптеген жанның жүрегіне жетіп, «Есірткіге» деген өшпенділігін оятты. Жігердің үндеуіне қосылғандардың қатарында сол «Зұлымдық» мекенінде құрбан болған жандардың жақындары қосылса, кейіннен басқада жастар легі қосылып, «Зұлымдық» мекеніне аттанды.
Аз жүрді ма көп жүрді ма белгісіз, Жігер бастаған топтың алдынан қайдан пайда болғаны белгісіз ақ сақалды, ақ киімді қария шықты:
-Уа , Жігер батыр! Сапарларың сәтті болғай. Сендер бара жатқан жол ауыр жол, ажалсыз тажалмен күресуге бара жатсыңдар. Қайтпауларыңда мүмкін! Әліде бас тарта аласыңдар.
-Жоқ, қария біз алған бетімізден қайтпаймыз. Ажалға жақындарымызды беріп қоя алмаймыз. Қазір жақындарымызды алса ертең ұрпағымызды құл етеді. Аяғына дейін күресеміз!
-Ия,Ия күресеміз, және жеңеміз! – деді жастар. Қария жастардың жанарынан жалынды көрді, де:
-Шырақтарым, сендер жолда түрлі сиқырға тап боласыңдар, олар сендерді еліктіріп, сусын ұстаған сұлуларын жібереді. Ол сусынды ішкен адам, Есірткінің құлына айналады. Осылай құрығына түсірмекші болады. Одан өткен соң бір кездері жоғалтқан жақындарыңның кейпіне еніп, жүректеріңді ерітеді. Берілмеңдер! Сендердің бауырларың дәрменсіз түнекте жатыр. Одан өтсең тажал үйіне жетесің. Тажалмен бет пе бет келгенде мына қасиетті суды оған шаш. Тек осы қасиетті су ғана тажалдың ажалы бола алады. – дейді де батасын беріп, қасиетті суы бар құтыны Жігерге ұсынып, ғайып болады.
Қария айтқандай шөлдеген топқа салқын сусын ұстаған сұлулар да шығады, жоғалтқан жақындарының кейпіне енеген сағымдарда шығады. Есірткінің арбауына ілінбеген топ, оның зәулім үйіне келеді. Қақпа алдынан шайқас басталып, қан төгіледі. Жақындарымызды құтқарамыз, Есірткіні жоямыз деп жүректерінде үміт оты лаулаған жастар барлығына тойтарыс беріп, Есірткінің сарайына басып кірді. Әділбек тажалмен бетпе бет келеді. Ол қолындағы қасиетті суды тажалға шашты. Ажалсыз атанған Есірткінің ажалы жетіп, Зұлымдық мекені қирады. Есірткінің құлына айналған жандарға жан бітіп, жақындары мен қауышты. Қаланың орны әп сәтте гүлденіп айнала әсем кейіпке енді. Жігер мен Ерік қауышып, ата – анасына жол тартты.
Қармақшы ауданы
№185 орта мектебі 11 сынып оқушысы
Нұрланқызы Айзат
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!