«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ 
тарапынан жарияланған байқауға»

Ерте, ерте,ертеде бір қойшы бала болыпты. Қыстың бір күнінде әлгі бала қой бағып жүр еді. Бір уақытта боран соғып, дала тұман болып кетті. Тұманның арасынан бала адасып қалады. Қойшы бала өз ауылын іздеп келе жатқанда бір ауылға кезігеді. Бұл ауылдың атауы Нәпсі екен. Ауылдың кіре берісінде бір балаға отыр екен. Қойшы бала әлгі баламен амандасып, танысады.Ол әдемі сөздерімен қойшы баланы баурап алып, бір күн қонып шығуына көндіреді. Үйіне апарып құмарлықпен тамақтандырады. Тамақтанған соң  барлығы ұйқыға кетеді. Шырт ұйқыда жатқанда, қойшы баланың түсіне ақ сақалды, ақ шапанды ақсақал енеді.

-Сіз кімсіз? –дейді бала.

-Балам, қорықпа! Мен Имандылық деген атаң боламын. Сен бұл ауылда бұдан ары қалма. Бұл ауылда тәубесіне келмеген, қанағаты жоқ, тойымсыз, нәпсісін меңгере алмайтын адамдар тұрады. Егер сен бұл ауылда қалатын болсаң, сенде осылар секілді боласың.Тәубеңе келіп, қаш балам! –дейді әлгі ақсақал.

Бала шошып оянып, айналасына қараса барлығы ұйықтап жатыр екен. Ол білдірмей үйден шығып, сол ауылдан қашып шығады. Ұзақ жол жүргеннен кейін алдынан тағы бір көрінеді. Ауылдың атауы Есірткі екен. Бала жөн сұрамақ болып сол ауылға кіреді. Баланы көрген ауылдың тұрғындары тағыда әдемі сөздерімен баланы баурап алады. Күн суық, алдың түн, осында қал. Таңертең жолға шығарсың деп баланы көндіреді. Олар жіміскі әрекеттерінің іске асқанына қуанады. Бұл ауылдың ерекшелігі инемен тамақтанады екен. Барлығы тамақтанып, шырт ұйқыға кетеді. Бір уақытта терезе тырсылдағандай болады.Бала тұрып қараса, тұмсығымен қағып тұрған құс екен. Терезені ашып, қумақшы болғанда әлгі құс сөйлей бастайды.

 -Адам баласы, мені тыңдашы!Мен Ақыл құсымын. Сен бұл ауылдың қауіпті екенін білмейсің. Бұл ауылдың тұрғындары инеге тәуелді, сол иненің соқыр құлдары. Сонымен қатар жүйкелері тозған, денсаулықтарына орасан зор зиян келтірген, өмірге деген қызығушылықтары жоқ, жақындарына немқұрайлы қарайтын, сонымен бірге ұрлыққа баратын адамдар тұрады. Есің барда менің ақылымды тыңдап, бұл ауылдан тезірек кет. Менің ізіме еріп жүсең, осы ауылдан шығуға жол көрсетемін – дейді Ақыл құсы.

Қойшы бала ақылға келіп, құстың ізінен жүріп, ауылдан қашып құтылады. Сөйтіп тағыда ұзақ жол жүреді. Кеш бата бастайды. Жақын маңнан ауыл көрінеді. Бұл Азғындық ауылы екен.  Бұл ауылдың ерекшелігі барлық жерлер қызылға боялған екен. Бала жолдан шаршап, бір жалғыз талдың қасына көлеңкелеп отырады. Бір кезде әлгі тал баланың құлағына сыбырлап:

-Адам баласы, сен бұл ауылға кірме!Мен Мейірім талымын. Бұл ауылда зұлым,арам, күнаһар, имансыз адамдар өмір сүреді.Олар ешкімдіде аямайды. Тіпті табиғатты аяламай жоқ қылды. Тек кәрі тал мен қалдым.Өзінің жақындарына да жауыздық көрсеткен мейірімсіз адамдар адамдар бар. Сен мейірімділігіңді  жоғалмай тұрғанта тездетіп кет –дейді Мейірім талы.

Бала ауылға кірмей, ары қарай жол жүріп келе жатса, алдынан бір батыр шығады.Бала қорқып кетеді.Сол кезде әлгі батыр:

-Қорықпа балам! Мен Тәртіп сақшысы боламын. Сен жалғыз өзің не істеп жүрсің-дейді.

– Батыр аға мен қой бағып жүріп, тұманнан адасып кеттім.Адасып жүріп, Нәпсі, Есірткі, Азғындық деген ауылдарға тап болдым. Сол ауылдардан Имандылық ата, Ақыл құсы және Мейірім талының арқасында аман шықтым. Маған көмек беріңізші- дейді бала.

-Жарайсың, балам! Егер сен нәпсіңді меңгермегенде есірткіге тәуелді болып, көптеген азғындыққа барар едің. Алайда сен имандылық, ақылдылық, мейірімділіктің арқасында сол жаман жолдарға түспедің. Мен сені өзіңнің Бақыт деген ауылыңа жеткіземін -дейді Тәртіп сақшысы.

Сөйтіп қойшы бала өзінің Бақыт мекеніне жетіп, жақындарымен бақытты өмір сүріпті.

Тынық Мансұр Ерланұлы
Ы.Алтынсарин атындағы №204
мектептің оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!