Үндеу

Құрметті жас дос!

Жас буынның қай бағытта өркендеуі, немен шұғылдануға әуестенуі қоғам бағытына тікелей байланысты. Егер қоғам жастардың танымын жақсы арнаға бұрсы, нәтиже оң болмақ. Мен де осы мақсатта замандастарыма үндеу жолдап, есірткіден аулақ болуға шақырғым келеді. Сол арқылы жастарға есірткінің шырмауына түспеудің жолын көрсетіп, барлық замандасты қатерлі қадамнан сақтануға үндеуді парыз санаймын.

Нашақорлық – ғасыр дертіне айналған қатерлі әрекет. Әлем бойынша аталған індетпен күрес қарқын алғанымен, әлі толық жойыла қоймады. Сондықтан мәселені шешу үшін жастардың ықпалы ауадай қажет.

Үндеуде айтпағым, жастар нашақорлықпен күреске үн қосып, есірткіге «жоқ!» деп айтқаны жөн. Сонда ғана қоғам дамып, заңсыздықтың алдын алуға көмегі тиер еді. Бұл – азаматтардың келешегіне әсер етіп, жақсылық жаршысына айналудың төте жолы.

Жалынды замандас! Нашақорлықтан аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстануды әдетке айналдыруға кеңес беремін. Тек жақсы ортамен дос болып, жақын жанды қадірлеуге үндеймін. Барша жасты есірткіге қарсы тұруға шақырамын!

Мейірлан Жорабекұлы,

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы

М.Шоқай атындағы №41 орта мектебінің 11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!