Үндеу
Құрметті замандастар!
Бүгінде нашақорлық ғасыр дертіне айналды. Мемлекет тарапынан түрлі алдын алу шарасы ұйымдастырылғанымен, қатерлі қадам толастар емес. Сондықтан жастардың ой-санасын, арман-мұратын сақтау үшін аталған теріс әдеттен аулақ жүрудің жолын ұсыну жөн секілді. Мен де осы үндеуім арқылы қатарлас достар мен замандас ағайынға есірткінің зияны мен салдарын жеткізгім келеді. Мұны есірткісіз әлемді құруға қосқан үлесім деп білемін.
Әрбіріміз денсаулыққа зиян келтіретін есірткіден аулақ болайық. Себебі нашақорлық адамның жеке басына ғана емес, қоршаған орта мен қоғамға теріс әсер етеді. Атап айтар болсақ, нашақор адам жақындарымен тез жанжалдасып, есіркіге ақша табу үшін қылмыс жасаудан тайынбайды. Есірткінің буымен өз әрекетіне есеп бермей, психологиялық тұрақсыз жағдайға түседі. Қаржылық қиындықтар мен отбасы мәселелерін де ушықтырып, өмірі айтарлықтай өзгеретінін көріп жүрміз.
Сол себепті барша жас достарды нашақорлық індетінен алшақтауға шақырып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға үндеймін. Сонда ғана жалынды жастық шақты қызықты әрі тиімді өткеруге жол ашылады.
Айғаным Русланқызы,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы
М.Шоқай атындағы №41 орта мектебінің 7 сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!