Үндеу
Құрметі замандастар!
Бүгінде есірткі мәселесі ғаламдық олқылыққа айналды. Әсіресе, қазіргі кезде аталған мәселе жас-жеткіншектер арасында жыл сайын көбеюде. Көптеген отбасы есті кетіретін есірткі салдарынан қара жамылып, жақынынан айырылып отырғаны жасырын емес. Сондықтан осы үндеуім арқылы жастарды есірткіге «жоқ!» деп айтуға шақырып, қоғамның өркендеуіне үлес қосқым келеді.
Расында, нашақорлық ауруы денсаулықты құртып, психикалық ауытқуға әкелетінін естіп жүрміз. Есірткі қолдануға құмарлық кей жастардың санасын улап, заңсыз әрекеттердің көбюіне итермеледі. Ел арасында қорқыныш ұялатып, нашақор азаматтар қоғам тәртібін бұзатын адамдардың қатарына енді. Сол үшін жастардың бұл дерттен аулақ болуы маңызды.
Үндеуді пайдаланып, есірткіге әуестіктің алдын алу ісін айтқым келеді. Ол үшін отбасындағы тәрбиені жүйелеп, жастардың өнер-білімге деген қызығушылығын ояту керек. Қадірлі достар кітап оқып, спортпен шұғылданса, есірткісіз болашақтың іргетасын қалауға жол ашылатыны анық. Денсаулығы мығым, ойы ұшқыр жас ғана зиянды әрекеттің тамырына балта шабуға қауқарлы!
Айзере Асқарбек,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы
М.Шоқай атындағы №41 орта мектебінің 7 сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!