Үндеу
Қадірлі жас дос!
Әлемді ақпарат басқарған заманда дос табу, пайдалы табу қалыптастыру өзекті. Аталған қадам қоғам кірпіші ретінде қалыптасуға жәрдемдечіп, қатерге ұрынудан сақтайтын десек, атрық айтқандық емес. Сондықтан замандас достарыма үндеу жолдап, ғасыр дертіне айналған есірткіден аулақ болуға шақырғым келеді.
Есірткіден аулақ болуға үндеу үшін алдымен зиянын көрсету жөн. Осы орайда ғалам дертінің қауіпті салларына тоқталайын. Бұл — құрдымға батыратын қасірет. Есірткі адамды ақыл-естен ажыратып, денсаулыққа орасан қатер әкеледі. Мұндай шырмауға түскен жан рухани азып, қоғаммен байланысудан қашады. Жан-жағына пессимист көзқараспен қарап, ненің жақсы, ненің жаман екеніне баға бере алмайтын жағдайға жетеді. Туелді азамат өтірікші, дөрекі, қатал адамға айналатынын да байқаймыз. Достың сенімінен айырылып, жақындарын ренжітіп, қоғамнан баз кешкен қаншама жанның тағдыры сөзімізге дәлел.
Осындай олқылыққа жол бермес үшін саламатты өмір салтын сақтап, спортты серік ету керек. Әрбір жас есірткіге «жоқ!» деп айтуды үйрену шарт. Қоғам болашағы жастардың қолында! желігінен әлемге деген көзқарасы өзгеріп, есірткісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жетеді. Болашақ сенің қолыңда, , жас дос!
Назерке Тілеуберген,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы
М.Шоқай атындағы №41 орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!