Үндеу
Достар!
Нашақорлық қоғамның ең өзекті мәселелерінің біріне айналғаны белгілі. Сондықтан бүгінгі үндеуді жастарға, яғни замандас достарға айтқым келеді.
Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адам еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған есірткінің келтірер зияны көп. Есірткі — адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Ал есірткінің қармағына іліккен адам одан оңай құтылып кете алмайды.
Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Сондықтан үндеу арқылы барлық жастың аталған індеттен аулақ жүруін сұрар едім.
Еркебұлан Қосанов,
Арал ауданы, №14 мектеп-лицей оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!