Үндеу

Қадірлі замандастар!

Достар, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу біздің қолымызда. Біз – елімізді  сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ  жалғастыратын қазақ елінің саламатты ұрпағымыз. Сондықтан аталған үндеу жастардың назар қояр сөзіне айналатынына күмән жоқ.

Есірткімен күресіп түп тамырымен жою мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлері облыс төңірегінде ауқымды жұмыс атқаруда. Нашақорлардан қоғамға келетіп зиянның алдыр алып, тиісті шара қабылдауда. Дегенмен бшл күрес жолында жастар бірікпесе, нәтиже аз болмақ.

Жастар – ел болашағы. Келешектің кілті де біздің қолда. Біздің еншімізге Қазақстанның мәңгілік ел болуына атсалысу жазылған. Сондықтан алға мақсат қойып, арманға ұмтылуымыз керек.

Рамазан Жеңісұлы,

Арал қаласы, №220 мектеп оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!