Үндеу

Құрметті достар!

Әркімнің арманы әртүрлі. Бірі отбасымен бақытты, ғұмырлы өмір сүргісі келеді. Енді бірі зәулім үй, қымбат көлік мінгісі келеді. Ал соңғы кезде адамның арманына балта шабатын есірткі деген нәрсе шықты. Оның зиянын теледидар, ғаламтор, баспасөз беттерінен біліп отырмыз. Қаншалықты зиян екенін, адам өміріне балта шабатынын білдік. Барлық достарыма есірткінің жаман қасірет екенін үндеу арқылы жеткізгім келеді.

Есірткі – зұлым! Әрбір саналы адам мұны түсінеді. Ең бастысы, дер кезінде «жоқ» деп айту. Адамның мықты ішкі өзегі, күшті рухы болуы қажет! Адам – жеке тұлға.Ал жеке тұлға өзінің даралығын көрсете білуі керек! Есірткіге жол жоқ! Дана бол! Өмір керемет! Мен өмірді қалаймын! Есірткісіз өмір ғажайып!

Ғасыр дертіне айналған есірткі өмірді салтын сақтап, спортты серік ету ең ұтымды шешім дер едім. Әрбір жас есірткіге «жоқ!» деп айтуды үйрену үйреніп, қоғам алдында жауапкершілік сезінсе екен!

Ұлменай Жолдыбаева,

Арал ауданы, №67 мектеп оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!