Құрметті достар! Бүгін мен сендерге аса маңызды мәселе туралы айтуға келдім.
Жуырда Астанада 16 жастағы екі студент есірткімен ұсталды, бірінен үлкен көлемде синтетикалық зат тәркіленді. Бұл — елімізде жастар арасында есірткіге байланысты қауіптің өскенінің нақты дәлелі.
Қазіргі кезде есірткі ашық сатылмайды, ол жасырын түрде, көбіне интернет пен Telegram арналары арқылы таралады. Көп жастар “жұмыс”, “қосымша табыс” деген сөздерге алданады.
Бірақ есірткі — бұл тек қателік емес, ол сенің өміріңді, арманыңды, достарыңды, отбасыңды улайды. Бір рет қате таңдау — өмір бойы өкінуге айналуы мүмкін.
Мен сендерді жақсылық жасауға, өмірді таза өткізуге шақырамын! Өмірімізді есірткісіз, бақытты, арманы бар өткізейік!
Жақсылық таратып, бір-бірімізге қолдау көрсетейік! Есірткіге — ЖОҚ! Өмірге — ИӘ! Армандарға — ИӘ!
Біз — болашақпыз! Бірге болайық, бірге жеңейік!
Гүлбибі Жақсыбаева
М.Мәметова атындағы Қызылорда
педагогикалық жоғары колледжінің
«Шетел тілі» бөлімінің 3-курс студенті, 17 жас
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!