Фото: ашық дереккөзден
Құрметті жас достар! Бүгінгі таңда адамзат үшін ең өзекті мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік. Бұл – тек жеке адамның емес, тұтас бір елдің, қоғамның болашағына қауіп төндіретін қасірет.
Есірткі – өмірге балта шабу. Ол арманды, үмітті, бақытты ұрпақты жоқ қылады.
Ал есірткісіз өмір – ғажайыпқа толы, шынайы бақытқа апарар жол!
Есірткіден аулақ болу – өзіңе деген құрмет, ата-анаға деген құрмет, болашаққа сенім.
Сен өміріңнің мәнін — денсаулықтан, білімнен, спорттан таба аласың!
Біз сенеміз:
– Сенің өмірің жарқын болмақ,
– Сенің жолың – адалдық пен ар-ұят жолы,
– Сенің таңдауың – салауатты, саналы өмір!
Сен де үн қос:
✅ Есірткіге – ЖОҚ!
✅ Денсаулыққа – ИӘ!
✅ Білімге – ИӘ!
✅ Армандарға – ИӘ!
Өмір – бір-ақ рет беріледі. Оны ғажайыпқа айналдыру – өз қолыңда!
Есірткісіз өмір – еркін өмір, бақытты өмір!
Салауатты өмір салтын бірге насихаттайық!
Болашағы жарқын ел – есірткісіз ұрпақтан басталады!
Айдана Нургалиева,
Байқоңыр қаласы
№273 орта мектептің 5”Б” сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!