Есірткі – адамның өмірін құртып, болашағын ұрлайтын қауіпті дұшпан. Ол бір сәттік қызықпен алдағанымен, кейін адамды қайғыға, ауруға, жалғыздыққа әкеледі. Ал есірткісіз өмір – шынайы бақытқа толы таза жол. Бұл жолда арман бар, мақсат бар, отбасын қуантатын жарқын болашақ бар.

Жастар – еліміздің ертеңі. Сондықтан әр жас өз денсаулығын қорғай біліп, өмірдің қадірін түсініп, жаман әдеттен алыс жүргені дұрыс. Өмірдің ең үлкен сыйы – еркін жүріп, күліп, жақындарыңды қуанта білу. Спорт, өнер, білім – адамды биікке бастайтын таза күш.

Есірткісіз өмірді таңдау – өз болашағыңа жасаған ең үлкен жақсылық. Әр күннің құндылығын сезініп, өз жолыңды дұрыс таңда. Өмірдің өзі – ғажайып, тек соны көре білу керек.

Бақнұр БАРАҚБАЙ,
№158 орта мектебінің
10 “А” сынып оқушысы,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!