Жас достар!
Мен есірткіге қарсымын! Себебі отбасыммен бірге бақытты ғұмыр кешудемін. Балалық шағымның әр сәті ерекше қызыққа толы. Ұстаздарыммен күн сайын жаңа тақырыппен танысамын. Достарыммен бірге жарысқа қатысамын. Алда үлкен өмір тұр. Болашаққа деген асқақ армандарым да мақсатым да көп.
Армандарыма жеткуге кедергі келтіретін есірткі деген тажалға мүлдем жоламаңдар! Ол біздің денсаулығымызды құртып қана қоймай, өмірімізге үлкен қауіп төндіреді. Дамыған елдерге қызығамыз. Тіл үйреніп сонда барғымыз келеді. Алайда, көптеген шет елдерде есірткі саудасына тыйым салынбаған. Салдарынан өрімдей жастар үйсіз-күйсіз көшеде қаңғырып жүр. Бұратылып қашанғы жүрер дейсің?
Полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз сатушылармен күресіп-ақ келеді. Дегенмен есірткі қылмысы азаяр емес. Басты себеп қылмыскерлер есірткі саудасына жастарды алдап шақыруда. Көп ақшаға қызыққан жастар есірткі тасымалдаймын деп қылмескер болуда. Сақтық қажет! Қауіп жоқ деме, желіде толып тұр.
Жас дос! Әлеуметтік желіде жұмыс ұсынса бас тарт! Оғаш қылығы бар достарыңнан да алыс жүр! Есірткі сенің жас өміріңді күл-талқан етеді.
Әрқашан өзіңе сенімді бол!
Есірткісіз ғажайып өмірді таңда!
Альфия Жангаскаева №99 орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы, Ақай ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!