Достар!
Қараңдаршы — біздің өміріміз шын мәнінде ғажайыпқа толы емес пе?!

Бүгін біз еркін елде өмір сүріп жатырмыз.
Бізге сапалы білім алуға, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысып, өнер мен спортта жетістікке. жетуге мол мүмкіндік бар. Киім көп, тамақ та тоқ. Қалауымызды орындайтын ата-анамыз жанымызда. Біздің ұстаздарымыз, достарымыз — бізге демеу болып жүрген жандар бар.

Балалық шағымыз — өмірдің ең әдемі, ең таза, ең жарқын кезеңі. Арманымыз көп, үмітіміз де мол. Сол арманға жету жолы — таза өмірден, таза ой мен таза жүректен басталады.

Біздің ғажайып өмірімізді есірткінің бұзуына жол бермеңдер! Есірткі – у, ол өмірді әрі болашақты ұрлайды. Денсаулыққа зиянын тигізіп, тіпті тәуелділік жас болсаң да өлімге алып келуі мүмкін. Есірткі адамның санасын тұмшалап, жүрегін қарайтады, армандарын сөндіреді.
Достар!

Өмірдің әр сәтін бағалайық! Спортпен айналысып, жаңа нәрсе үйреніп, жақсылыққа ұмтылайық! Өйткені есірткісіз өмір – шынайы бақытқа, нағыз еркіндікке апарар жол!
Біздің болашағымыз өз қолымызда.
Есірткісіз салауатты өмірді таңдайық.

Санжар Амантай,
№41 М.Шоқай атындағы орта мектептің
5-сынып оқушысы,
Сұлутөбе ауылы,
Шиелі ауданы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!