Қазіргі заманда жастар мен жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділік мәселесі маңызды әрі күрделі тақырыптардың бірі болып табылады. Есірткі пайдалану тек адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына, әлеуметтік өміріне де теріс әсерін тигізеді.
Жас кезең – бұл адамның өмірінде маңызды, болашақ негізі қаланатын уақыт. Сондықтан осы сәтте дұрыс таңдау жасау өте маңызды.
Есірткі адам миының жұмысын бұзып, ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін әлсіретеді. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділік физикалық және психологиялық ауруларға әкеледі, отбасы мен достар арасындағы қарым-қатынасты нашарлатады. Жастарға салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға, шығармашылықпен шұғылдануға шақыру маңызды.
Білім беру мекемелері мен ата-аналар бірлесіп, жастарды есірткінің зияны туралы ақпараттандырып, олардың бойында өмірлік құндылықтарды қалыптастыру қажет. Жас ұрпақ – елдің болашағы, сондықтан оларды есірткіден қорғау әрқайсысымыздың парызымыз. Бұл мәселені елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін, сондықтан барлығымыз белсенді әрекет етуіміз қажет. Жастар мен жасөспірім балаларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын!
Садықова Гүлназира Ізбасарқызы №59 орта мектебінің 8 "Б" сынып оқушысы, Арал ауданы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!