Отан – әрбір адамға қорған болатын мекен. Әрбір адам осы қорған болар мекенінің өсіп-өркендеуін, қауіпсіз болғанын қалайды. Сол қауіпсіздік мемлекет қызметкерлерінің ғана емес, мына біздің де жауапкершілігімізде. Біз әрбіріміз Отанымызды зиянды әсерден қорғауға міндеттіміз.
Соның бірі қазіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі – есірткіге қарсы тұру. Есірткінің зияны көпшілігімізге белгілі. Есірткі адам денсаулығына ғана емес, оның санасына, мінез-құлқына, отбасына және қоғамға ауыр зиян келтіретін үлкен тәуелділікке әкелетін ауыр дерт. Есірткіге тәуелді болып, айналасына, отбасына зиян келтіргендер қаншама. Сондықтан бұл бір сәттік қызықтың арты үлкен өкініш екенін, әсіресе біздер – жастар санамызға мықтап сіңіруіміз керек. Есірткісіз ұрпақ – саналы қоғамды қалыптастырады. Өзімен бірге қоғамға да пайдалы болу – ізгі ниет, ұлы мақсаттардың бастамасы.
Айналаға пайдалы бола алған адам – үлкен жетістіктерге жететін адам! “Мен мемлекеттік қызметкер емеспін, басқалардан үлгі алсын” дейтін емес, “менен айналам жақсы үлгі алса екен” деген биік мақсатта болайық!
Есірткіге жол жоқ! Бұл әрбіріміздің өзімізді басқара алғанның және Отанға деген адалдығымыздың көрінісі!
Нұрислам Далабаев, №79 негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Қызылтам ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
