Фото: СС0 / wildburro

Sputnik. Шымкент қаласындағы Құрсай кентінің тұрғыны 100-ден астам есек бағып, пайда таппақ болған. Қала әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала тұрғынының заңсыз әрекетін куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан.Әкімдіктің мәліметінше, арнайы құрылған комиссия оқиға орнында тіркелмеген шаруа қожалығын анықтаған.

«Онда 104 есек пен 36 ұсақ мал болған. Иесінің айтуынша, 12 мамырда 3-4 есек сойылып, ферманың ауласында көмілген. Сойылған есектердің етін сату фактісі анықталған жоқ», – дейді Шымкент қаласының әкімдігі.

Әкімдіктің мәліметінше, кәсіпкер есек етін экспорттамақ болған.

Шымкент полиция департаменті есек иесіне айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылатынын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!