Фото: ImgHub

Еурокомиссия Еуроодақта жаңа TikTok Lite қызметін бұғаттауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұйымның айтуынша, бұл, әсіресе, балаларда тәуелділік тудырады. Видео көру, лүпіл басу және пікір қалдыру зиян әдетті қалыптастырады.

Сәуір айының басында жаңа TikTok Lite Испания мен Францияда іске қосылды. Цифрлық қызметтер туралы жаңа заң аясында Еуропалық комиссия TikTok иесіне қызметтің балаларға әсерін бағалау үшін уақыт берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!