ҚР Парламенті мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық пікір институты 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама – Еxit poll жүргізді. Институттың интерверлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізді. Оның ішінде – 316-сы қалада, 284-і ауылда. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын, барлық облыс орталықтарын, аудандық маңызы бар қалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекендерді қамтыды. Күні бойы сауалнаманының 4 толқыны өткізілді. Нәтижесінде 24 мың сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында. Сауалнама жүргізу жұмысына 600-ден астам интервер атсалысты», – деді «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен оның дерегінше, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына, 3,07 пайызы «ADAL» саяси партиясына, 10,18 пайызы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына, 9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!