Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков республикалық «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің жүлдегерлерін қабылдады.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Рухани қазына – 2021» республикалық онлайн фестивалінде «Үздік ауылдық мәдениет үйі және клубы» номинациясымен және 1 000 000 теңге ақшалай сыйлығымен С.Бөртебайұлы атындағы Ақжар ауылдық клуб үйі және «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер кітапхана» номинациясымен Қармақшы аудандық балалар кітапханасы марапатталып, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың дипломын иеленген болатын.
Республикалық онлайн фестивалінің жеңімпаздарына Қармақшы ауданының әкімі Мұса Оспанұлы алдағы уақыттағы еңбектеріне сәттілік тілеп, алғыс хат табыстады. Қабылдауда Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қаниева Күлшара Бөгенбайқызы мәдениет саласының жетістігімен бөлісті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!