Компания қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жолаушыға мүгедектер арбасын қол жүгі ретінде әкетуге рұқсат етпеген.
FlyArystan әуе компаниясы Нияз Сүндетәлиевтен кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Себебі компания қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жолаушыға мүгедектер арбасын қол жүгі ретінде әкетуге рұқсат етпеген.
Оқиғаға байланысты FlyArystan-ның баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Жылжымалы жолаушылар арбаларын тасымалдау ережелеріне сәйкес аккумулятор түріне байланысты әртүрлі талаптар бар. Бұл жағдайда қызметкеріміз аккумулятордің типін шатастырып, оны алып тастауды талап етті, бұл арбаны тасымалдауға мүмкіндік бермеді. Авиакомпания өз кінәсін мойындап, сізден кешірім сұрайды»,— делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!