Алматы қаласында балағат сөздер айтып, қоғамдық орынды ластаған футбол жанкүйерлері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ішкі істер ведомствосының телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық, спорттық іс-шараларда өзін ұстау ережелерін бұзғаны, қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік шара қабылданды.

Құрметті азаматтар! ІІМ елімізде «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуді жалғастырады. Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелетін кез келген әрекет үшін жауапкершілік көзделеді, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Мұндай әрекеттер футбол жанкүйерлерінің атына ғана емес, бүкіл елдің абыройына нұқсан келтіреді. Өз командаларыңызға қолдау көрсету дұрыс, бірақ бәрі заң аясында болуы тиіс. Қарсыластар мен басқа азаматтарды балағаттап қорлауға жол берілмеу керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!