Samsung 5G желісінде жұмыс істейтін Galaxy A22 смартфонын ұсынды.

Құрылғы 6,6 дюймдік IPS экранымен, MediaTek Dimensions 700 процессорымен, 4 гигабайт жылдам және 64 гигабайт жедел жадымен жабдықталған. Құрылғыда 48, 5 және 2 мегапиксельді үш камера, саусақ ізі сенсоры және 5000 мАч батарея бар.

Смартфон Android 11 амалдық жүйесінде жұмыс істейді. Galaxy A22– ең арзан 5G смартфоны. Еуропада оның 64 ГБ нұсқасы 229 еуроға (119 мың теңге), ал 128 ГБ нұсқасы 249 еуроға бағаланған.

Samsung сонымен қатар 4G желісінде жұмыс жасайтын смартфонның жеңілдетілген нұсқасын ұсынды. Ол 6,4 дюймдік OLED дисплейімен және MediaTek Helio G80 процессорымен жабдықталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!