Адамның аса маңызды құқықтарының бірі гендерлік теңдік қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету мен адами әлеуетті толыққанды іске асыру ісінде түйінді рөл атқарады. Әйелдерді қоғам өміріне тарту өнімділікті арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз ететіні дәлелденді. Гендерлік теңдік әлемде және Қазақстанда қандай деңгейде екенін бағамдап көрсек.

Әлемде ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы айырмасы орта есеппен 23 пайызды құрайды. Сарапшылар қазіргі жағдайды ескере отырып, жұмыста, жалақыда және жұмыс деңгейінде теңдікке қол жеткізу үшін кем дегенде 170 жыл қажет екенін айтады.

67 дамушы елде жүргізілген зерттеу көрсеткендей, әрбір бесінші ер адам әйелдің біліктілігі болса да, жұмысқа баруына қарсы. 155 елде ер адамға әйелге қарағанда үлкен экономикалық құқық беретін кем дегенде бір заң бар.

Бүкіл әлем бойынша әйелдер ерлерге қарағанда басқаларға қамқорлық жасау үшін ақы төленбейтін жұмысты екі-он есе жиі жасайды. Осыған байланысты әйелдер көбінесе оқуға немесе ақша табуға уақыт бөлмейді екен.

Сарапшылардың айтуынша, гендерлік теңдік экономикалық өсуге ықпал етсе де, экономиканың өсуі гендерлік теңдікке қол жеткізуге көмектеспейді.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның барлық күш-жігері таяуда қабылданған тұрақты даму саласындағы мақсаттарға (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған. ТДМ-ның 17 мақсатының әрқайсысында әйелдерге ерекше маңызды рөл беріледі, оның үстіне көптеген міндет әйелдердің теңдігін тануға олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Бүкіл әлемде әйелдер құқығының сақталуын қамтамасыз ету үшін көптеген мемлекетке ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

А.Т.Табиғатова
Шиелі аудандық сотының бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!