Ғаламтор өміріміздің мәні мен сәніне айналғаны қашан. Қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған дүние. Бүгінгі күнде ұялы телефонсыз өмірді елестету мүмкін емес. Оның жылдамдығы кішкене нашарласа болды, ашуға мінеміз…
Ғаламторды қолданатын кез-келген адам өзіне қалаған ақпаратты тауып, қажетіне жаратады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеседі. Интернет адамның білімін кеңейтеді,соның арқасында шет тілін үйреніп,түрлі сабақ, тренингтерге қатысуға да болады. Одан бөлек ғаламтор – табыс көзі. Үйде отырып-ақ жұмыс істеп, пайда тауып жүргендер аз емес. Алысты жақындатып, бауырларыңмен, көп уақыт көріспеген алыс туысқандарыңмен де оңай әрі тез байланыстырып береді. Тіпті, сағынсаң бет-әлпетін көре алатындай бейнеқоңырау арқылы да хабарласа аласың.
Алайда, ғаламтордың зияны қатар жүреді. Оны ғылым мен техниканың шынайы жетістігі дегенмен ғаламторға тәуелділік ғаламдық проблемаға айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар шынайы адамдар арасындағы жанды қарым-қатынасты бұзды. Ұялы телефонда көбісі грамматикалық қате жібереді, көп сөздің қалай дұрыс жазылатынын ұмытып, шүлдірлеп сөйлейді. Ең басты зиянды тұсы – денсаулыққа тигізетін кері әсерінде. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы нашарлайды. Себебі, адам артық қимыл-қозғалыс жасамайды. Соның салдарынан түрлі дертке шалдығуы мүмкін.
Одан бөлек қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар көбейіп кетті. Желіде жарияланған ақпарат фейк болуы да мүмкін, сондықтан әрбір жаңалыққа сын көзбен қараған абзал.
Жалпы компьютердің алдында көп отырмай, тек керек ақпаратты алса ғана адамға зияны жоқ. Тек сол ғаламторға тәуелді болып қалудан сақтанған жөн.
Ғазиза ЕРЛАНОВА,
№5 мектеп-лицей оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!