Облыстық жас тілшілер арасындағы сайысқа
ҮНДЕУ
Құрметті қауым, замандас, жас достар!
Қоғамның аса ауыр дерті, өзекті мәселелердің бірі-есірткі. Ғасыр дертіне айналған есірткіден аулақ болсақ, біздің өміріміз бақытқа толы болады.
Өмірде ең қымбат жандар ата-анамыз. Олар біздің ақылды, ортасында оқ бойы озық, қатарының алды болып өскенімізді қалайды. Сабағымызды, тәлім-тәрбиемізді өте қатты қадағалайды. Біздің болашақта жақсы тұлға, жақсы маман болып өсуіміз үшін барлық жағдайды жасап жүр. Біздің зиянды заттардан аулақ болуымыз үшін үнемі ескертіп, санамызға құйып отырады. Ата-анамыз өмірдің адамға берілген ең үлкен сый екендігін үнемі айтады. Адамның отбасының ортасында мәнді де сәнді әрі ұзақ өмір сүруінің кепілі әрине ол – денсаулығымен байланысты. Денсаулық – адам баласы үшін құнды жәдігер іспетті. Мен сіздерді құнды қазынамызды лас нәрсеге айырбастамай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын!
Әркез тазалық пен тәртіпті сақтап, бос уақытты пайдалы іске жұмсауы үшін арнайы үйірмелерге қатысамын. Салауатты өмір – денсаулық кепілі. Бұл біздің қағидамыз. Зиянды заттардан яғни ішімдік,шылым,есірткіден аулақпыз. Жалпы қазіргі таңдағы өзекті мәселе – есірткі. Есірткі сөзі ағылшын тілінен аударғанда – ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді екен. Есірткі дегеніміздің өзі сол жансыздандыруға әкелетін зиянды бір зат. Есірткі – адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзады екен. Адамды есінен алжастырып, оны бейшара халге түсуге дейін апарады. Адам есірткіні қолданғанда ең алдымен мінезінде өзгерістер орын ала бастайтындығын психолог мамандар дәлелдеген. Құрметті достар, сіздерді зиянды заттардан аулақ болуға шақырамын.
Қазіргі таңда синтетикалық есірткі өршіп жатқаны мәлім. Осы орай да мен де өз замандастарыма үндеу жариялағым келеді. Мектеп қабырғасындағы достарым! Болашақ біздің қолымызда, ата-анамыздың сенімін, білім нәрін беріп жатқан ұстаздарымыздың үмітін зиянды заттарға айырбастамайықшы!
Жарқын болашақты таңдап, есірткісіз өмірді қолдаймын!
#есірткігеқарсы #противнаркотиков Меруерт ЖЕТКЕРБАЙ, №85 орта мектептің 10-сынып оқушысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!