Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Гонконг білім беру университетінің (The Education University of Hong Kong) профессорлары Ю Сон Ли (Ju Seong Lee) және Норман В.Мендоза (Norman B.Mendoza) біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Курстың мақсаты – қатысушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, жаңа білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік беру.
Қатысуышларға жеке кеңес беріп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қолдау мақсатындағы гранттық қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға бағыт-бағдар беруде.
Айта кетейік, шетелдік ғалымдар 15 наурызға дейін университеттің профессор-оқытушыларына, докторанттар мен магистранттарға, мектеп мұғалімдеріне 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы бойынша дәріс жүргізуде.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!