Қызылорда эпидемиологиялық күрделі жағдайдың алдын алуға дайын. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.
– Өткен жылы Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 200 орындық модульді жұқпалы аурухана құрылысы жүргізіліп, толықтай аяқталды. Сәуір айында пайдалануға береміз. Бұған қосымша, 3200 төсек-орын мен 3500 медицина қызметкерінен тұратын кадрлық резерв жасақталды, – деді өңір басшысы.
Екі айға жететін дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры қалыптастырылып, оған жергілікті бюджеттен 488 млн теңге қаржы бөлінді. Медициналық ұйымдар қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтылды.
– Бүгінгі күні аймақта жаппай вакцинация жұмыстары жүргізілуде. Вакцина салдыру – әр адамның жеке қалауы. Мәжбүрлеу жоқ.Ең маңыздысы, әр адам өзінің, туыстары мен жақын адамдарының денсаулығына мұқият болу керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы, – деді облыс әкімі.
«СБ» ақпарат.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!