Ғылым мен білім саласын дамыту мақсатында әр оқу орнында баспа бөлімінің болуы маңызды.Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің редакциялық-баспа бөліміпрофессор-оқутышылардың монографиялық оқулықтарын шығару, халықаралық, республикалық конференциялардың баспа қағаздарын дайындау, дизайн жасау, алыс-жақын шетелдегі профессор-оқытушылар мақалаларын жинақтап, шығару сынды қызметтерді атқарады. Университет имиджін қалыптастыруда өзіндік үлес қосып отырған бөлімнің жеткен жетістіктері мол.

1998 жылы құрылған редакциялық-баспа бөлімі жылына төрт рет шығарылатын «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы» журналының мақалаларын жинақтап, техникалық өңдеп, баспаға дайындайды.

       Сонымен қатар, университет Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған монография, оқулықтарды баспадан шығаруды қамтамасыз етеді. Конфе-ренция жинақтарын техникалық безіндеру, әзірлеу, басылымдарды беттеу, түптеу, мұқаба дизайнын жасау, сондай-ақ, түрлі іс-шаралар бойынша табыс-талатын дипломдар, алғыс хаттар, құттықтаулар, мерейтойлық адресаттар, өткізілген курс сертификаттары, т.б. құжаттардың дизайны жасалынады.

       2020-2021 жылдары «Хабаршы» журналы университетіміздің және қазақстандық ЖОО-мен қоса, алыс-жақын шетел ғалымдары жазған ғылыми жұмыстарын жарыққа шығарып, білім мен ғылымның, техника мен технологияның озық тәжірибесі бойынша жаршы қызметін атқаруда.

       Журнал мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығымен 2021-2023 жылдарға қазақстандық дәйексөз базасына енгізу бойынша келісім-шартқа отырған. Сонымен қатар, университет халықаралық Crossref тіркеу агенттігімен келісімге отырып, журналға DOI (Digital Object Identifier) индексін алды.  Журналға мақала берудің және рецензиялаудың онлайн жүйесі көрсетілетін жеке электрондық сайт жасалды.    

       Журналдың «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» ғылыми бағыты  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енген (21.02.2022 ж. № 63 бұйрық).           

      Сондай-ақ, университеттің «Сыр түлегі» газеті де өте сапалы түрде университет баспасынан шығарылуда.

        Газеттің негізгі мақсаты – университеттегі қызметкерлерді, оқытушылар мен студенттерді ғылыми, қоғамдық, мәдени жаңалықтармен таныстыру. Сондай-ақ, университеттегі жазуға бейімі бар студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру. Үздік оқуымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан белсенділер, белгілі бір салада жетістікке жеткен университет студенттері туралы мағлұмат беретін газеттің бүгінде өз оқырмандары қалыптасқан. Және дәстүрлі түрде жылына 6 рет университет баспасынан жарыққа шығып отыр.

        Аталмыш оқу жылында редакциялық-баспа бөлімінің материалдық базасы заманауи жаңа құрылғылармен толықтырылды. Алдағы уақытта «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы» ғылыми журналын өз баспамыздан шығару жоспарда бар.

Набат АБУОВА,

 педагогика ғылымдарының кандидаты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті,

Редакциялық-баспа бөлімінің басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!