Ерте, ерте, ертеректе бір оқиға болыпты, оқысаңыз бұл оқиға қызықты. Жерге талас тамамдалып, бейбіт күннің анық жеткен шағы. Бесіктегі сәбидің іңгәлаған даусынан басқа ештеңе тыныштықты бұзбаған уақыт. Бейбіт күннің қадірін біліп, халық тапқан бақыт. Халықтың тыныштығын, тәртіптің дұрыстығын ішкі істер жөніндегі қызыметке жауапты батырлар қалт жібермей қорғап тұратын. Бір күні елге қауіпті, суық қарумен емес айламен шабуыл жасау жоспарланыпты. Бұл тарихтағы тұңғыш қарусыз соғыс еді. Есірткі деген бүлікші, елге білдірмей кіріпті. Жәй елге келіп қоймайды, өзі секілді бұзықтарды жанына жинайды. Елдегі жастармен етене араласып, жүректерінен орын алыпты. Жүректерден орын алу қалыпты, бірақ есірткі елге қауіпті. Ал бұнымен күресуді ішкі істердегі батырлар қолға алыпты. Есірткі деген бүлікшіні анықтап, ел іргесінен аластап, сыртынан құлыптап зынданға тастапты. Дегенмен күрес бітпеді. Есірткі аз уақыт ішінде елден көп дос тапқан. Одан қалған әдеттерді достары жалғады. Бейбіт халықты ел арасында бүлікші барынан хабардар етті. Ондай бүлікшілерден іргесін аулақ ұстап, дос болмауға шақырды. Дос болған жағдайда сол бүлікшілермен бірдей жазаланатыны ескертілді. Ессіз Есірткінің соңына ергендер азайды. Кейбірі құлаққа ілмей өмірін өкінішке ұластырды.
Осындай қиын қарусыз соғыста тағы да жақсылық жеңді. Ішкі істер батырлары оларды елден қуып, қайта келмеуін қадағалады. Халық батырларға риза болып әркез құрмет көрсететін болыпты. Барша ел олардың ерлігін Халық қаһарманы деп ұрпаққа үлгі етті.
Алпамыс Әбді, №273 орта мектептің 8-сынып оқушысы Байқоңыр қаласы, Қармақшы ауданы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
