Қызылорда облыстық сотында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, облыстық соттың судьялары, Сот Әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлеймен, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, сот әкімшілерінің басшылары мен сот мамандары қатысты.
Облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев мерекелік шараны ашып, халықаралық әйелдер күні ізгіліктің, нәзіктіктің символы әйелдер қауымына деген шынайы құрметтің белгісі екенін, бүгінгі күні әйелдер сот жүйесінде ер азаматтармен қатар қызмет атқарып, іскерліктерін көрсетіп келе жатқанын атап өтіп, сот ұжымындағы аруларды мерекемен құттықтады.
Сот Әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлеймен сот ұжымындағы әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, сот жүйесінің дамуы жолында жауапты қызмет атқарып келе жатқан нәзік жандыларға еңбекте толағай табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.
Шара барысында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін сот мамандары және қызметкерлері Қызылорда облысы әкімінің, Сот Әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысының Алғыс Хаттарымен марапатталды.
Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!