Арал теңізінің мәселесі – тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдерінің ортақ проблемасы. Сондықтан бұл мәселені шешуде халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) төрағалық етуде.
Қазақстанның 2024-2026 жылдар аралығындағы төрағалығы аясында 40-қа жуық экологиялық және экономикалық жоба жүзеге асырылады. Президенттің тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан жобалар 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Халықаралық қолдаудың арқасында Арал теңізін қалпына келтіру , балық шаруашылығын дамыту, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғаспақ. Бұл бастамалар өңірдегі халықтың әл-ауқатын жақсартып, жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.
Егер мемлекет, халық және халықаралық ұйымдар бірге жұмыс істесе, Арал өңірі бұрынғы келбетіне қайта оралады. Біздің басты міндетіміз – бұл өзгерістерді қолдап, табиғатты сақтауға барынша үлес қосу. Арал – біздің ортақ байлығымыз!
Асулан Каменов,
Егінші
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!