Сурет: Zakon.kzҮкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халықтың шамадан тыс қарыз алуына қатысты шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің баяндауынша, республикалық маңызы бар 3 қалада және еліміздің 17 өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылып жатыр. Жобалық офистердің негізгі міндеті – кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылай алаяқтықтан қорғау, азаматтардың банкроттық мәселелерін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру.

«Әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажет ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөледі. Оған банктер қаржылық жағынан ықпалдасады. Жобаның тағы бір маңызды бағыты – азаматтардың, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру. Жалпы халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету кешенді шараларды көздейді. Әсіресе банктер мен микроқаржылық ұйымдардың пруденциалдық реттеуін қайта қарауды талап етеді. Бұл тұрғыда қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр».Қаржы министрі

Атап айтқанда, түзетулер топтамасы:

  • халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге және борыштық жүктеменің өсуін шектеуге;
  • алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қаржылай қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғауға;
  • және банк омбудсманының қызметін күшейтуге бағытталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!