Апелляциялық сот ММА файтері Арман Әлімовты ұрлау ісі бойынша сотталған Хасан Қасымбаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Апелляциялық сот ММА файтері Арман Әлімовты ұрлау ісі бойынша сотталған Хасану Қасымбаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Қорғау тарапының шағымы қанағаттандырылмады, ол 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін болды.

Сот шешіміне сәйкес, Қасымбаевқа қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енді. Бұған дейін оның есімі «Хуторские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыстырылған. Алайда құқық қорғау органдары мұндай топтың бар екенін де, сотталған азаматтың

Шерзат Полаттың резонанс тудырған өліміне қатысы барын да жоққа шығарды. Осылайша, апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!