Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды. ІІМ ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, кез келген отбасы есірткі құрығына тап болуы мүмкін. Жыл басынан бері 19 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды.

«Жастар есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білсе де, олардың кейбірі есірткінің заңсыз айналымынан бас тартар емес. Нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда отбасының айрықша рөлін ескере отырып, ІІМ ата-аналарға жазғы демалыс қарсаңында балалар өміріне барынша көңіл қою керектігін ескертеді. Өз балаларыңыздың араласатын ортасын білу, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылау аса маңызды. Заттарының ішінен медициналық препараттардың қорабын, фольга немесе шыны түтікшелер байқасаңыз, елеусіз қалдырмаңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткі тұтынуға арналған болуы әбден мүмкін».Шыңғыс Әлекешев

Шыңғыс Әлекешевтің сөзінше, сабақтағы үлгерімінің нашарлауы, сабаққа бармауы және араласатын ортасының өзгеруі ата-ана назарынан тыс қалмауы керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!