Бүгінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселе өте өзекті болып отыр. Әсіресе, мәдени демалыс, ұлттық құндылыққа негізделген бағдарлама әзірлеу басты мақсатқа айналды. Осы орайда Қармақшы ауданы Иіркөл ауылындағы №106 орта мектепте жарқын жоба жүзеге асты.

Мұнда 1-14 маусым аралығында «Балауса» этно күндізгі тынығу лагері ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге жол ашылған. Этнолагерь бағдарламасында ұлттық спорт ойындары, атқа міну, садақ ату, еркін күрес сабақтары қамтылды. Сондай-ақ балаларға ата-дәстүрді үйретіп, тұрмысқа бейімдеу жүрді. Мысалы, ұлдарға ер жігітке тән дағдылар үйретілесе, қыз балалар ұлттық тағамдар дайындауды үйренді.

Жарты айға созылған лагерьге 20 бала қатысып, жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық әрі физикалық жағынан дамуыға мүмкіндік алды.

Орынбаева Гүлжазира Тұрсынқызы,

Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы №106 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!