Атырауда «Нұрсая» шағынауданында орналасқан бірнеше үйдің ауласын кәріз суы басқан. Бұған «Жерұйық» тұрғын үй кешенінің кәріз жүйесі  істен шығып, апаттық жағдай орын алуы себеп болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық atrpress.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, судың көптігінен аяқ алып жүру мүмкін емес. Оған қоса, қолқаны қабатын иісі де бар.

 «Балалар қазір демалыста, көбі үйден шықпайды. Ойнайын десе, ойын алаңшалары да кәріз суына толған. Иісі деген мүңкіп тұр. Шыдау мүмкін емес. Апат болған кезде не жылу, не ыстық су, не мұздай су болмады. Біздің пәтер иелері кооперативі  жұмыс істемейді. Ал ақша алғанды біледі», – дейді тұрғындар. 

Қала әкімі баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, бұл апаттық жағдай орын алғандықтан орын алып отыр.

«Яғни, тұрғын үйлердің ауласында орналасқан кәріз құдығы толып қалып, айдағыш сорғысы (насос) апатты жағдайда өшіріліп, орталық кәріз жүйесіне құйылмай қалды. Аталған үйлерге қызмет көрсетуші  «Сапа» ПИК тарапынын апатты жою жұмыстары жүргізілді. Бірнеше мәрте арнайы техникамен, яғни вакуум су шығарылды. Сондай-ақ «Спецавтобаза» ЖШС техника бөлініп, бүгінгі таңда қалыпқа келтірілді», – деп жауап берді баспасөз қызметіндегілер. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!