Қалың көпшілікке “TikTok имам” деген атпен танылған Нұржан Байжігітұлы отандық кинотуындыда бой көрсетпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Түнгі студия” бағдарламасына сілтеме беріп хабарлайды.

©instagram.com/nurlanimam.kz

“Мен отандық киноға түстім. 11 мамырда премьерасы болады. Ол жерде эпизодтық рөл ойнаймын. Маған біреулер: “Мүмкін базарға барып дінді насихаттайтын шығарсың” деген. Кино, базар тұрмақ менің қажетім керек болса моншаға барып дінді насихаттауға дайынмын. Өзім кино түсіремін деп айта алмаймын. Әркім өз шаруасымен айналысу керек”, – дейді Нұрлан имам. 

Дінтанушының айтуынша, әлеуметтік парақшасын өз жүргізеді. 

“Парақшамды өзім жүргіземін, өзім саламын, өзім монтаждаймын. Мені ТМД елдері көретіндіктен видеоларымның сапасын көтеру керек болды. Сол себепті белгілі бір мамандардан көмек сұрадым”, – дейді имам.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!