Фото: pexels

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңсыз лотерея ойнатты деп айыпталған ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылы маусым айында Шымкент қаласында  ер адам Instagram-дағы парақшасында лоторея билетінің бағасын 2 000 теңге деп белгілеп, Toyota маркалы автокөлік құралын және ақшалай ұтыс ойындарын өткізген.

Сот отырысында Н. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен келісетінін, ұтыс ойынын ұйымдастыру заңсыз екенін білмегенін айтып, кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін жеткізді.

Сот Н.-ға әкімшілік жаза қолдануда оның құқық бұзушылық әрекетіне өкінуін жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде танып, ал жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар болмауына байланысты, оған әкімшілік жаза ретінде 258 440 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!