ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес, облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың қатысуымен облыстық прокуратурада микроқаржы ұйымдарымен кездесу өтті.
Шараға прокуратура, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің , ұлттық банк филиалының өкілдері, микроқаржы ұйымдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, «Киберпол» тобының қызметкерлері қатысты.
Жиында интернет алаяқтыққа байланысты проблемалық мәселелер талқыланды.
Қатысушылар тиімді тәжірибе қалыптастыру бағытында өз ойларын ортаға салып, шешу жолдарын айқындады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!