Фото: papik.pro
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында «адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, энергиясы, табандылығы, білімі» болашақ ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік серпілістің жетекші факторы екені атап өтілді. Ал XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі принципі бірінші кезекте білімділік деңгейімен айқындалатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болды. Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілік индексін арттыру мақсатында ҚР білім беру жүйесі соңғы онжылдықтарда бірқатар өзгеріске ұшырауда. Білім беру саласындағы инновациялық үрдістер қоғамның жаһандануынан, адами ресурстардың жинақтылығынан, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы үлкен өзгерістерден, қолжетімді және алуан түрлі ақпаратқа, оның ішінде интернетке көшуден, бұқаралық ақпарат құралдары мен технологиялардың, ғылымдағы инновациялардың артуынан туындайды. Білімге қойылатын заманауи талаптар Қазақстанның жедел әлеуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз ету қажеттілігімен, басқару құзыреттілігі бар және ғылымды қажет ететін жоғары технологиялық өндіріс пен нарықтың инновациялық дамуы жағдайында қызмет етуге бейімделгішшығармашылық дайындығы бар кәсіби кадрларды даярлау қажеттілігімен негізделеді.
Мемлекеттің қазіргі жаһандану процесінде қоғамның жоғарғы білікті кадрларға деген үлкен қажеттілігі мен қызығушылығы жоғары. Сәйкесінше, білім беру мақсаттары да өзгеруде. Сондықтан кәсіптік білім беруде олардың құзіреттілігін арттыру өте маңызды. Аталған құзіреттілікті арттыру жолдары қандай? Soft skills дағдысын қалыптастыру; Hard skills-тің маңыздылығын ұғындыру; BANI әлеміне (өзгермелі қоғам) бейімделу; Өмірлік постулаттан айнымау.
BANI әлемінде, яғни – тұрақсыз әлемде өмір сүру дегеніміз көптеген белгісіз және кенеттен өзгеретін мақсаттар мен жағдайларда толып жатқан таныс емес міндеттерді шешу.
Мен ұсынған құзіреттілікті арттыру қадамдары кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушылар үшін маңызы зор. Ұстаз ретінде біз тек білім беріп ғана қоймай, өзгермелі қоғамда дағдыларды қоса дамытуымыз қажет деп есептеймін.
Роберт Кийосаки: «Біз – өз әдетдағдымыздың құлымыз. Ендеше күнделікті дағдымызды өзгерту арқылы, өмірімізді де өзгерте аламыз» деген екен.
Ал, Кен Робинсон: «ХХІ ғасырда адамзатты аса күрделі проблемалар күтіп тұр. Біз оларды шешу үшін ерекше шығармашылық және өнертапқыштық қиялдарымызды дамытуымыз керек. Біз үшін ең басты қауіп – болашақпен бетпебет келуде өзіміздің жасампаздық мүмкіндіктеріміз ретінде қол жеткізуге болатын барлық мүмкіндігімізді қолдана алмау. Оларды дамыту білім беру мен оқытудағы басым бағытқа айналуы тиіс. Білім дегеніміз – болашақтың кілті және одан асқан маңызды нәрсе болуы мүмкін емес».
Әлемнің өзгеруімен қатар білім беру де өзгеруде. Жаһандану, технологиялардың дамуы, әлеуметтік қатынастарды жете түсіну және ұжымдық жобаларға қатысу қоғамның білім беруді қалай қабылдайтынына және оның қандай болуы керек екеніне әсер етеді. Болып жатқан өзгерістердің маңыздылығы соншалық, оларды кейде «жойқын инновациялар» деп те атайды.
Осы жойқын инновацияларға ілесу, заманауи кәсіптік маман даярлау үшін педагогтер STEEPV әдістемесін тәжірибесіне енгізу керек деп есептеймін. Әдістеме бойынша заманауи трендтерді алты топқа топтастырамыз: Олар әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, экологиялық, саяси және әлеуметтік құндылықтар. Шәкірт те, ұстаз да қоғам талабына сай болуы үшін аталған заманауи трендтерді өн бойынан өткізіп, тәжірибеде қолданса ғана, жаңа формациядағы педагог әрі шәкірт атанары сөзсіз.
Заман талабына сай табысты білім алушы, заманауи педагог Клаус Шваб қарастырған, президентіміз Қ.К.Тоқаев өзінің жолдауында атап өткен креативтілік, коммуникация, сын тұрғысынан ойлау, ынтымақтастық қасиеттерін игеру шарт. Мен ұстаз ретінде өз сабағымда түрлі инновациялық технологиялар мен әдістерді қолданамын. Соның бірі авторлық «Спичрайтер» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі неде? Әрине, бұл білім алушылардың ойын жүйелеуге, өзіне жауапкершілік алуға, эмпатия сезімінің оянуына үлкен оң әсері бар дер едім. Әр сабағымның мазмұнды өтуі мен үшін маңызды. Шәкірттеріме үнемі “life long learning” жүйесін мақсат ретінде қарастыруды ұсынамын. Нәтижесі де жоқ емес.
Өз нәтижесін берген әдістердің бірі – «5 E моделі» (education, entertainment, exploration, elevation, estimation). Оқу (нені оқыған дұрыс?); Қанағаттану (жемісін берген жұмысқа масаттану); Зерттеу (білім алушылардың білімін жетілдіруде қолданған әдістеріме мониторинг жасау); Жақсарту (кемшін түскен тәсілдерімді трансформациялау); Тиімділікті бағалау (нәтижесін практикада қолданып,
тәжірибеде тарату). Сабақ барысында геймификацияның да, AR және VR технологияны да пайдаланудың тиімділігі жоғары. Геймификация ойын элементтері арқылы оқуды қызықты етуге бағытталса, «ойынға айналдыру» оқытуды модельдеудің бір түрі ретінде ойын жаттығулары түрінде құрастырады.
Міне осы қадамдарды жиі қолдануымның арқасында өзгермелі қоғамға ілескен, заманауи педагогпін деп айта аламын.
Ұрпақтар теориясы сонау жылдардан бері сабақтасып келе жатыр. Әр жиырма жыл сайын өзгеріп, жаңарып, талабы басқаша құбылатын ұрпақтар тізбегі бар. Солардың бірі – қазіргі Z ұрпақ. Бұл ұрпақ біздерді X ұстазды қанаттандырады. Сәйкесінше, бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңа формациядағы педагогті талап етуі заңдылық. Ұрпақ сабақтастығының өзгеруіне ұстаз ретінде біз де ілесуіміз қажет. Жаңаша нәрсеге үрке қарамай, ксенофобияға жол бермеңіз.
Гүлнәз ҚАРАСАЙ,
Қазалы аграрлы-техникалық
колледжнің
өндірістік оқыту шебері
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!