Талдықорғанда жігіт сүйіктісін бауыздамақ болған. Полиция істі “бұзақылық” бабы бойынша қозғаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

28 жастағы Адина Қуанбекқызы 27 қазанда соққының астында қалғанын айтады. Сауда үйінің алдында ер адам оны ұрып-соғып, содан кейін оны құлатып, қылқындырған. Бұл сауда үйінің бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Оған жақын маңдағы салон қызметкері көмекке келген, бірақ шабуылдаушы оған да соққы жасаған. Содан кейін ер адам кеңсе пышағын алып, оның кеңірдегін кеспек болған. Ол қорғанып жатқанда, қолы жарақаттанған. Кейін қаскөй жәбірленушінің шашынан тартып, бірнеше рет мойнын кесіп, қашып кеткен.

Адина жедел жәрдем мен полицияны өзі шақырған. Әйел Талдықорған облыстық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның мойны мен қолын тіккен. 

Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері оқиға бойынша ҚК 293-бабының 3-бөлігі «денсаулыққа зиян келтіру үшін суық қаруды не арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып, бұзақылық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғаған. 

Адина бұл жігітпен көктемде кездесіп, көңіл жарастырған. Айтуынша, басында ол өте қамқор және жанашыр болып көрінген, бірақ бір ай таныстықтан кейін Адинаны достарынан қызғанып, ұрған. Кешірім сұрап, қайталайтынын уәде еткен жігітті Адина кешірген екен. Бірақ мамырда, содан кейін маусымда тағы да қол көтерген, содан кейін бұл әрекеті жиілей түскен.

Қазан айында Талдықорған қалалық соты ұрып-соққаны үшін Адинаға жақындауға тыйым салды. Соған қарамастан ол әйелді аңдуын қоймаған.

«Ол мені бауыздағысы келді! Мен одан балаларым үшін мені өлтірмеуін өтіндім. Содан кейін бауыздамай, тілімдеумен шектелген шығар. Бірақ Талдықорған полицейлері мені тыңдағысы келмейді, оның бұзақылық жасағанын айтады. Олардың айтуынша, кеңсе пышағы суық қару емес, сондықтан бұл ауыр қылмысқа жатпайды. Сонда ол жазалануы үшін менің өлуім керек пе?!» – деді талдықорғандық әйел. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!