Фото: Massaget.kz

Massaget.kz Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, PhD ғылым докторы Жанат Асылханқызымен бірге «Қай нұсқа дұрыс?» айдарын бастайды. Бұл айдарда әртүрлі нұсқада қолданылып жүрген сөздердің дұрыс жазылуын маманнан білеміз. 

«Іс-шара» мен «шара»: қай нұсқа дұрыс?

«Осы екі сөзді бірінің орнына бірін қолдана беретін болдық. Негізінде екеуінің мәні екі басқа. Іс-шара өтеді, ұйымдастырылады. Ол көпшілік жиын, мереке, концерт, ойын-сауық және т.б. оқиғалар болуы мүмкін», – деді маман.

Сарапшының сөзінше, «шара» – қандай да бір жағдайға байланысты қабылданатын шешім, әлдекімге немесе әлденеге қарсы қолданылатын амал.

«Іс-шара» дегеніміз – мероприятие, ал «шара» дегенің – мера. Мысал: «Мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті», «Браконьерлерге қарсы шара қолданылды», – деп түсіндірді Жанат Асылханқызы

Қалай жазған дұрыс?

PhD ғылым докторы Жанат Сәрсенбай бұл сөзді «іс-шара», «ісшара» деп жазып жүргенімізді, дегенмен кейінгі орфографиялық сөздікте «іс-шара» деп берілгенін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!