Фото: «КТК» телеарнасы
Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тасжолында жолаушылар автобусы өртенді. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін жолаушылар, яғни 29 адам автобустан өз бетінше шығып, басқа көлікпен кетіп қалған.
«Өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы», – деді ведомство өкілі.
Жеке құрамның 9 адамы және ТЖД 2 техникасы жұмылдырылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!