ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіне Қызылорда облысының Әділет департаментінен бірқатар қызметкер келіп, экскурсия жасады. Жұмыс үдерісін зерделеуге ден қойып, тәртіп пен талаптардың орындалуына назар аударды.

Іс-шара барысында арнайы келген мамандар мекеме аумағындағы режимдік нысандарды аралап, жазасын өтеуші азаматтар орналасқан жатақхананы көрді. Сонымен қатар, түзету мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысып, бақылау жұмысын жалғастырды.

– Бұл бағыттағы іс-шара ортақ тәжірибе алмасып, жұмысты жетілдіруге ықпал етеді. Арнай келген қызметкерлер жазасын өтеушілерді ұстау шарттарымен, мекеменің күн тәртібімен және режимдік талаптардың қалай орындалатынымен танысты.

Мұндай кездесулер құқық қорғау органдары арасындағы өзара түсіністік пен байланысты берік етпек. Қауіпсіздік пен тәртіпті қызметіміздің басты қағидасы десек, ашық форматтағы кездесу – заңға бағыну мен қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға негіз, – деді Режим және күзет бөлімінің бастығы әділет капитаны Азат Батырбеков.

Мұндай іскерлік бақылау жұмыс сапасын арттыратыны анық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!