«Жастар Рухы» Жастар қанатының бастамасымен жарияланған «Ізгілік аптасы» аясында «Кел, шәй ішейік!» акциясы өтті.
Акция барысында Қызылорда қаласының коммуналдық қызмет саласыжұмысшыларына ыстық шәй мен тіскебасарлар таратылды.
«Бүкіл адамзат баласы басқа тұлғаның еңбегін бағалай білу керек. Осы акция «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділерімен жыл сайын өткізіледі. Басты мақсатымыз аяз күндерікоммуналдық қызмет қызметкерлерінің атқарған жұмыстарына алғыс білдіру. Кейде, күнделікті өмірде, бұл адамдардың еңбегін ешкім байқамайды. Олар бізге таза қаланың әдемі көрінісін ұсыну үшін азаннан кешке дейін еңбек етеді, – дейді белсенді жас Нұрайым Сағнадинқызы.
Акцияға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің рухтас белсенділері атсалысуда. Еріктілер үшін шараның ең керемет кезі ыстық шай мен тәттілер алған қызметкерлердің мейірімді жүзі және алғыстарын жаудырған сәті. Арасында батасын беріп, күнделікті кездесетін қиындықтарымен бөлісетіндері де аз емес екен.
Аталған акция апта соңына дейін жалғасатын болады.
![«Ізгілік аптасы»: жастар коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды](https://aqmeshit-zhastary.kz/wp-content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-17-at-19.02.44-1-1024x576.jpeg)
![«Ізгілік аптасы»: жастар коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды](https://aqmeshit-zhastary.kz/wp-content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-17-at-19.02.44-2-1024x563.jpeg)
![«Ізгілік аптасы»: жастар коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды](https://aqmeshit-zhastary.kz/wp-content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-17-at-19.02.45-567x1024.jpeg)
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!