Ақпаратты Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов растады. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Оқиға 9 қараша күні кешкісін Астанадағы «Bau» мейрамханасында болған. 1980 жылы туған Қуандық Бишімбаев әйелі 1992 жылы туған Салтанат Нукенованың өліміне күдікті ретінде ұсталды. «Ол ұсталды, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қалған жайттарға түсініктеме бере алмаймын. Жұмыс барысында қосымша ақпарат беріледі», – деді ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов 10 қарашада журналистерге. Фото: kazinform Еске сала кетсек, 2018 жылдың көктемінде сот Қуандық Бишімбаевты “пара алды” деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған. Негізінен Бишімбаев 2028 жылға дейін түрмеде отыруы тиіс еді. Бірақ экс-министр 2019 жылы рақымшылықпен бостандыққа шыққан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!